Құрылтай Төрағасы ТүркПА Бас хатшысымен кездесті

  • 5
  • 01.10.2026, 18:41

Қазақстанның ТүркПА-дағы төрағалығы аяқталып, ұйымның келесі отырысына дайындық басталды. Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясының Бас хатшысы Рамиль Гасанмен кездесіп, парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ ТүркПА Бас хатшысы Қазақстан Президенті реформаларының бағытына жоғары бағасын берді. Айбек Дәдебай тамыз айында өткен Құрылтай сайлауын бақылаған ұйым миссиясының жұмысына алғыс білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тығыз қарым-қатынасты нығайту туралы келісті.