Қазақстан Халық Кеңесі Төралқасының бірінші отырысы өтті. Жиында мемлекет басшысы белгілеп берген стратегиялық міндеттерді іске асыру жолдары талқыланды. Сонымен қатар тұрақты комитеттер мен Әдеп жөніндегі комиссияның құрамы бекітілді. Отырыста өңірлермен өзара іс-қимылды кеңейту, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерді қолдау тетіктері де талқыланды.
Ерлан Қошанов, Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы:
- Президентіміз Халық Кеңесінің алдына маңызды міндеттер қойды. Олар – бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту, азаматтардың мемлекет ісіне араласу мүмкіндігін кеңейту, қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын жаңа белеске көтеру. Халық Кеңесінің мәні де, тарихи миссиясы да осында. Ел Президенті артқан осы зор сенімге біз нақты іспен, нәтижелі жұмыспен жауап беруге тиіспіз.