Бельгия королі мен патшайымы Қазақстанға келеді

Бельгия королі мен патшайымы Қазақстанға келеді
  • 6
  • 10.10.2026, 13:00

11-14 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Бельгиялықтар Королі Филипп және Патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. 

Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында Қазақстан мен Бельгия арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп және Патшайым Матильда «Қазақстан-Бельгия» іскерлік кеңесінің 4-отырысына және екі ел жоғары оқу орындары ректорларының форумына, сондай-ақ басқа да іс-шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.

Сапар қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар құжатқа қол қойылады.