Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Жол инфрақұрылымы мен цифрлық экономика – дамудың жаңа бағыты

  • 14
  • 28.10.2026, 18:29

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында ел экономикасын серпілтудің басты бағыты ретінде көлік-логистика саласын дамытуды атады. «Экономикадағы өнімділікті еселеу үшін жүк тасымалының әлеуетін арттыру және жол инфрақұрылымын жаңғырту басты басымдыққа айналады», - деді. «Дамыған көлік логистикасы болмаса, тіпті бүгінгі күшті ел ертең құрдымға кетеді» деп қадап айтты. Сондай-ақ Тоқаев келесі ұрпаққа тек қаржылық қор ғана емес, инфрақұрылымы дамыған, қуатты және технологиялық тұрғыдан озық экономиканы мұраға қалдыру қажеттігін мәлімдеді.

Дидар Тебаев, Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы:

- Әрбір өңірдің маңызды екенін жеткізді. Қазір еліміздің көлік логистикасының «Орта дәліз» бағыты бойынша Азиядан Қытайға бағытталған жүк тасымалының 85%-ы Қазақстан арқылы өтетінін және бұл  мықты экономиканың іргетасы екенін айтты. Жалпы Жолдаудың саяси салмағы өте жоғары.

ЖИ-ге негізделген цифрлық экономика құру

Сондай-ақ Президент жаңа дәуір талаптарына толық, сай келетін аса маңызды жалпы-ұлттық міндеттерге де тоқталды. Әсіресе ауыл шаруашылығы саласына жасанды интеллект технологияларын жедел қарқынмен енгізудің маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы интернетті тек ойын-сауық құралы ретінде емес, табыс табуға мүмкіндік беретін тиімді алаңға айналдыру қажеттігін де баса айтты. Ауыл тұрғындары телефонмен табыс табуды үйренуі керек, деді мемлекет басшысы. 

Талғат Қалиев, Қолданбалы, этносаяси зерттеулер институтының директоры:

-Цифровизациядан бірталай тапсырма беріліп жатыр. Цифрлық технологиялардың арқасында қазір ауылда отырып, қалада жұмыс істеуге болады. Оны да экономиканы цифрландыру жаңа кезеңге өтіп, сондай бір деңгейге жету керек деген тапсырма  айтылды.