Қасым-Жомарт Тоқаев Эдгарс Ринкевичсті Латвия Республикасын жариялану күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық одан әрі кеңейе түсетініне сенім білдірді. Сондай-ақ Эдгарс Ринкевичстің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Латвия халқына бақ-береке тіледі.