Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Құрылтай делегациясы ТМД ПАА кеңесінің отырысына қатысты

  • 0
  • 20.11.2026, 18:10

ТМД елдері арасындағы көші-қонды реттеу тәсілдерін қалыптастырып, цифрлық тетіктерін дамыту. ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің 61-ші пленарлық отырысында Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай осы мәселені көтерді.

Алқалы жиын Түрікменстанның Аваза туристік аймағында өтті. Айбек Дәдебай жасанды интеллект пен жаңа технологияларды лаңкестік мақсатта пайдалануға қарсы іс-қимылдың заңнамалық негіздеріне де тоқталды. «Бұл құжат қазіргі сын-қатерлерге дер кезінде жауап беріп қана қоймай, жаңа технологиялардан келер қауіп-қатерден қорғауы керек», – деді Құрылтай төрағасы. Бұдан бөлек, Кеңес отырысында сауда-әкімшілік кедергілерді жою, инвестициялық ынтымақтастық пен трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері қаралды.

Айбек Дәдебай, ҚР Құрылтайының төрағасы:

– Бүгінде Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдеріміз арасындағы саяси диалог пен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытып, мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдетудегі тұрақты платформа ретінде қызмет етіп келеді. Бұл ретте Парламенттік өлшем Достастықтың институционалдық негізін нығайтуда маңызды рөл атқара отырып, интеграциялық процестерді құқықтық тұрақтылықпен қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Құрылтайы Достастықтағы серіктестерімен ынтымақтастықты әрі қарай ілгерілетуге дайын.