Елбасы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
Мегаполистің қаңтар және ақпан айларындағы даму динамикасы жаман емес. Жыл басындағы есеп бойынша 43 млрд теңгеге жетеғабыл инвестиция тартылыпты. Экономикалық өсім мен сауда-саттықтың көрсеткіші де тәуір. Тараптар құрылысты дамыту, бизнесті қолдау және мемлекеттік, салалық бағдарламалардың іске асырылу барысын сөз етті. Елбасы әлеуметтік нысандарды көбірек салуға назар аудару керектігін тапсырды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Алматы – Қазақстандағы ең үлкен мегаполис. Баяғыдан келе жатқан экологиялық, транспорттық мәселелері бар. Бұл жерде шағын және орта бизнес көп. Жұмыс беру мәселесі де өзекті. Соның бәрін әрі қарай жүргізу керек.
Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі:
- Негізгі шаруаның бәрі өзіңіздің кезіңізде қабылдаған бағдарлама бойынша жүргізіліп жатыр. Былтырғы көрсеткіште ілгері жетістіктер бар. Қаңтардағы көрсеткіштер де жақсы. Дегенмен көптеген сұрақ, мәселе бар. Олардың барлығы уақытымен шешімін табуда. Қазір халықпен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қаржылық қолдау жағын Үкіметпен бірігіп шешудеміз.