Үкімет басшысы карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді
Бас шаһардан шыға берістегі Нұр-Сұлтан – Петропавл автожолы бойындағы №2 блокбекетін аралау кезінде Үкімет басшысына елорданың карантинге жабылуы кезіндегі ішкі істер қызметкерлерінің, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және Қарулы Күштердің әскери қызметкерлерінің бекеттегі қызметі туралы баяндалды. Үкімет басшысы елорда әкімдігі мен құзырлы органдардың, полиция және денсаулық сақтау қызметкерлері мен Қарулы Күштердің әскери қызметкерлерінің карантин режимі жағдайында үйлесімді жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.