Бес жылда 3500 ауыл жаңғыртылады
ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовті қабылдаған Мемлекет басшысы ауылдық жерлердегі инфрақұрылым сапасын қалалық стандартқа жақындатуды тапсырды. Кездесу барысында микро және шағын бизнестің жайы да сөз болды. Жарияланған мораторий үш жылда жүз мыңға жуық тексеріс жүргізуді тоқтатады. Яғни бизнестің ретке келуіне мүмкіндік туады. Бұл ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Руслан Дәленовке бизнес жүргізу ісін реттеп, салықты жеңілдетуді тапсырды.