Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Р.Кенжеханұлын қабылдады
Ұлы Абайдың 175 жылдығы аясында ақын шығармалары он тілге тәржімаланды. Жыл соңында мәресіне жететін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 100-ден астам оқулық аударылған.
Президент кездесуде балалар арасындағы суицидтің алдын алу,білім берудің онлайн-платформасын дамыту және терминология тақырыбын да талқылады. Бұлардың қай-қайсысы да өзекті саналады. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекеттік органдар үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, мәселелерді шешуі керек», – деді.