Әділет министрі Президентке тоғыз айда атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді
Министр Қасым-Жомарт Тоқаевқа тоғыз айда атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді. Марат Бекетаевтың баяндауынша, наурыз-мамыр айларында енгізілген төтенше жағдай режимінде адвокаттар мен заңгерлер үздіксіз қызмет көрсеткен. Тек сот орындаушыларының жұмысы уақытша тоқтатылды. Төтенше жағдай режимі аяқталысымен барлық сот орындаушысының жұмысы азаматтардың құқығын қорғауға, атап айтқанда, алименттер мен еңбекақыны өндіруге жұмылдырылған. Мемлекет басшысы министрге азаматтардың құқықтарын қорғауға, нормативтік актілердің сапасын арттыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.