Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты қабылдады
Қырылған құсқа төленетін өтемақы мәселесі Ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауында. Мұны Президенттің қабылдауында болған ведомство басшысы Сапархан Омаров жеткізді.
Министр жыл басынан бері ауыл шаруашылығындағы ішкі өнімнің көлемі 5 процентке артып, 4,4 триллион теңгеге жеткенін, азық-түлік өнімдері 3,5 процентке, яғни 1,4 триллион теңгеге дейін ұлғайғанын хабарлады.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрге қайта өңделген өнім экспорты мен еңбек өнімділігін арттыруға, отандық тауарлар үшін жаңа нарықтар ашуға және ветеринария саласындағы бақылауды күшейтуді тапсырды.