Хабар телеарнасы

Қазақстан мен Ресей Президенттері екі ел арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Таулы Қарабақтағы қалыптасқан жағдайға ерекше назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан мен Арменияның қақтығыс аймағындағы соғысты және барлық әскери қимылдарды тоқтату туралы келісімге келуінде Ресейдің, соның ішінде Владимир Путиннің ара-ағайындық қызметін жоғары бағалады.

Бұдан бөлек екі елдің Президенттері Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық және одақтастық сипатындағы байланыстарды нақтылады.