Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК хатшылығының Атқарушы директорын қабылдады
Президент қазіргідей тәуекелі мен сын-қатері өршіген заманда бұл ұйымның аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін арттыру мен оның институционалдық даму мәселелеріне назар аударды.
Сондай-ақ басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын дамытуға шақырды.
Өз кезегінде Атқарушы директор Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес құрылған уақыттан бері беделді ұйым ретінде қалыптасқанын атап өтті. Сонымен қатар Душанбе саммитінде қабылданған Декларация бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Кездесу соңында 2022 жылы Қазақстанда өтетін Азия кеңесінің VI саммитіне дайындық мәселелері талқыланды.