«Қытай-Еуропа-Қытай» бағытындағы транзит тасымалы 61,6% артқан
Мысалы биыл «Қытай-Еуропа-Қытай» бағытындағы тасымал 61,6% артқан. Бұл жайында Президентке ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті. Министрдің айтуынша, пандемияға қарамастан өнеркәсіпте 3,2% өсім бар.
Қазақстан инвесторлардың сенімін де жоғалтқан жоқ, олар елде шамамен 1 трлн теңге болатын 200 жобаны жүзеге асырып жатыр. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2,6 мың шақырым автомобиль жолы, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 15 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Алдағы бес жылда тағы 103 млн шаршы метр баспана салынады. Қасым-Жомарт Тоқаев министрге жергілікті жерлердегі жолдарды жөндеу, арендалық баспана құрылысын арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.