Nur Otan партиясының қатарына тағы 1,5 мың қазақстандық қосылды
Билеуші партияның қатарына 1,5 мың қазақстандық қосылды. Олар түрлі қызмет салаларындағы белсенді және талантты азаматтар. Жаңа мүшелерге партия билеттерін Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек табыстады.
Жиын барысында Бауыржан Байбек Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – Елбасының мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуындағы ерекше рөлін айшықтаудың белгісі екенін де атап өтті.
Бауыржан Байбек, Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары:
– Шынымен де біздің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өздеріңіз білетіндей, 1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш рет Президент болып сайланып, бүкілхалықтық сайлауда халықтың қолдауымен Президент атанды. Әрине, үлкен еңбектің нәтижесі Елбасы оның қатарластары, әріптестері сол кезде биліктің тізгінін қолында ұстап, осы Қазақстанды бүгінгі күнде нәтижелі алып шықты.