«Adal» мен «Қазақстанның халықтық партиясы» саяси ұйымдарына сайлауға қатысуға рұқсат берілді
Сондай-ақ « Adal» партиясы Түркістан облысы мен Шымкент қалаларындағы филиалдарын қайта тіркеуден өткізді. Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына қатысатын алғашқы байқылаушыларды да тіркеді. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі саяси науқанға шақыруды 11 халықаралық ұйымға жіберген болатын. Бүгінде 29 халықаралық байқаушы тіркеуден өтті.
Анастасия Щегорцова, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
– Орталық сайлау комиссиясы өзінің екі жақты байланысы арқылы шетелдердің 25 сайлау органдарына шақырту жолдады. Қазір жауап күтіп отырмыз. Біз Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы атынан келетін 29 бақылаушыны тіркеуге дауыс бердік. Өзге халықаралық ұйымдар қызығушылық танытты. Ресми жауаптар әлі күтілуде. Сайлауда қанша халықаралық бақылаушы болатындығын қазір нақты айта алмаймыз.