Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы А.Жайылғанованы қабылдады
Нәтижесінде бағы мен бабы келіскен 50 жас ел басқару ісіне тартылады. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар туралы Президентке баяндап берді.
Іріктеудің шарттары биыл күшейтіліпті. Ең алдымен нақты тәжірибесі бар заманауи басшыларды анықтауға мән беріледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев таңдаудың ашық өтуіне де ерекше мән беруді тапсырды. Өйткені үздік деп танылған жастарға біздің билік үлкен үміт артады. Олар мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда жауапты қызметке тағайындалады.