ОСК Қазақстан халық партиясының 113 үміткерін тіркеді
Оның айтуынша, бекітілген тізімде 41 әйел және 29 жасқа толмаған азаматтар бар. Олар – тізімге енгізілген барлық кандидаттың 36,2%. Айтпақшы, ұйымның бір үміткері өз кандидатурасын партиялық тізімнен алып тастау туралы өтініш жіберген. Заңға сәйкес үміткер ұсынысы қанағаттандырылды. Айта кетейік, жиынға Бас прокуратураның, саяси партиялардың, Әділет, Ішкі істер және Қаржы министрліктерінің өкілдері қатысты. Ал аумақтық сайлау комиссиялары мен БАҚ өкілдері онлайн түрде байланысқа шықты. Осылайша 62 халықаралық байқаушы аккредиттелді. Заңға сай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйым байқаушыларын аккредиттеу дауыс беру күніне бес күн қалғанда яғни 4 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады.
Анастасия Щегорцова, ҚР ОСК мүшесі:
- ОСК-ге ҚР Сыртқы істер министрлігінен 12 байқаушы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросынан аккредиттеуге ұсынылды. Сонымен бірге 11 байқаушы 5 шет мемлекеттен аккредиттеуге ұсынылып отыр. Оның ішінде Иорданиядан үш, Қырғыз, Молдив, Молдова, Түрік Республикаларының әрқайсысынан екі байқаушыдан ұсынылған.