Хабар телеарнасы

«Adal» партиясы сайтының таныстырылымы өтті

«Егер оны жетілдіруге қатысты ұсыныс болса, қабылдауға дайынбыз», – дейді. Adalpartiyasy.kz сайтында бес сервис ұсынылған. Олар «сіздің аймағыңыздың проблемалары», «жұмыс іздеу», «сіздің өңіріңізге арналған бизнес-идеялар», «әлеуметтік лифтілер» және «Adal-Bagdar» деп аталады. Әр айдарда тақырыбына сәйкес талдамалық деректер топтастырылған. Өзіңізді толғандырған мәселелер бойынша да осында жазба қалдыруыңызға болады.

Әнуар Керембаев, «Adal» партиясының өкілі:

- Осындай цифрлық заман кезінде «Adal» партиясы да электрондық сайт жасап, ақпараттық ресурс ретінде өзіміз үшін белгіледік.