Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент өзінің «Твиттердегі» парақшасында: «Барша отандастарымызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Келесі жылы ел тарихының мерейлі 30 жылдығын атап өтеміз. Біз – бірлігі бекем, іргесі мығым елміз. Қасиетті Отанымыз Тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін еңбек ету – қастерлі парызымыз.», – деп жазды.