Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының Төрағасын қабылдады
Сенат спикері Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған мәселелерді іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған заңдардың қабылданғанына тоқталды. Жаңа «Экологиялық кодекс», «Техникалық реттеу туралы», «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдаудағы жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданған. Мәулен Әшімбаев аталған құжаттың барлығы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын, халқымыздың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта елімізде саяси жаңғырту және экономикалық даму бағдарламалары жалғасатынын, басқа салалар бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылатынын айтып, Сенатқа аталған бағыттарды заңмен қамтамасыз етуді тапсырды.