Президенттің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында көптеген жаңа идея мен ұсыныс айтылған
Президент көмекшісі Ерлан Қариннің телеграмм каналында жазған пікірі осыған саяды. Оның сөзінше, Мемлекет басшысы билік ешқашан халық алдындағы жауапкершілік туралы ұмытпауы тиіс екеніне назар аударды.
Ерлан Қарин, ҚР Президентінің көмекшісі:
- Президент реформалардың ойластырылған әрі жүйелі түрде жүргізілуі керектігіне баса назар аударды. Сонымен қатар оны созбай, уақытылы орындау қажеттігіне тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев билік халық алдындағы жауапкершілікті ешқашан ұмытпауы тиіс екенін қадап тұрып жеткізді. Осы орайда Мемлекет басшысы ауыл әкімдерін сайлағаннан кейін аудан әкімдерін сайлауға көшетініміз туралы айтты. Бұл тетік өз тиімділігін көрсетсе, келесі деңгейдегі әкімдерді сайлауға көшу туралы шешім қабылданады. Яғни Президент саяси реформаларды жалғастыруға деген ұмтылысын көрсетіп қана қоймай, болашақ реформалардың негізгі бағыттарының бір шетін шығарды.