Н.Назарбаевқа Қазақстан Православ шіркеуінің жоғары наградасы «Алғыс» ордені табыс етілді
Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта тыныштық пен келісім Қазақстан қоғамының ажырамас бөлігі екеніне тоқталды. Күллі әлемді жайлаған коронавирус індетін де бірлесе жеңіп, сынақтан сүрінбей өтетінімізге сенім білдірді.
Сондай-ақ алдағы сайлауға бір кісідей қатысып, Қазақстанның өркендеуін, халықтардың өзара түсіністігін нығайтуды қамтамасыз ететін бағдарламаны таңдауға шақырды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
– Поздравляю с праздником Рождества всех православных граждан Казахстана. Они вносят неоценимый вклад в развитие страны, укрепление дружбы и стабильности. Желаю всем благополучия, светлого праздничного настроения и семейного счастья.