А.Шпекбаев Мемлекет басшысына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалардың іске асырылуы туралы баяндады
Алик Шпекбаев Мемлекет басшысына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалардың іске асырылуы туралы баяндады.
Сондай-ақ еліміздің Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде ілгерілегені туралы жеткізді. Аталған рейтингте Қазақстан 19 сатыға көтеріліп, 94-орынға табан тіреген.
Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа заңнамалық бастамаларды сапалы жүзеге асыруға, салалық заңнамаларды жаңғыртуға назар аударды. Оның ішінде шығыстары мен кірістері бір-біріне сәйкес келмегені үшін жауапкершілік енгізу мәселесіне тоқталды.
Кездесу соңында Президент қылмыстың алдын алу ісінде азаматтық қоғаммен байыпты жұмыс жүргізуді тапсырды.