Қазақстандық армияны жаңғыртудың ұлттық жобасы әзірленуі мүмкін
Сондай-ақ министр салада ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторын құру жөніндегі Президент тапсырмасының орындалу барысын да баяндап берді.
Президентке бейбітшілікті қолдау операцияларына қатысатын қазақстандық әскерилердің дайындығы туралы да ақпарат берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша Жоғарғы Бас қолбасшы Қарулы Күштердің әскери әлеуетін арттыруға, армияны жабдықтауға, Қазақстанда қару-жарақтың бірнеше түрін шығаратын қорғаныс-өнеркәсіптік кешенімен ықпалдастық орнатуға, Қарулы Күштерді цифрландыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.