Хабар телеарнасы

«Қазатомөнеркәсіп» әлемдік нарықта көшбасшы мәртебесін сақтап тұр

Мұны Мемлекет басшысының қабылдауында болған «Қазатомөнеркәсіп» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы айтты. Ғалымжан Пірматов Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық атом компаниясының былтырғы жұмыс нәтижелері мен жоспарларын баяндады. Компания пандемияға қарамастан барлық міндетті орындаған. Бұдан бөлек Президентке цифрлық трансформация бағдарламасының жүзеге асуы, жылу бөлетін құрылғылар зауыты құрылысының аяқталуы жөнінде мәлімет берілді.