Қ. Тоқаев Есеп комитетінің төрағасын қабылдады
Осылайша қазына қаржысына қатысты заңбұзушылық 1.5 есе көбейіпті. Бұл Есеп комитеті жүргізген аудиттің арқасында белгілі болды.
Комитет Төрағасы Наталья Годунова Ақордаға келіп есеп берді. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа пандемия кезінде дағдарысқа қарсы күреске бөлінген қаржының қалай жұмсалғанын да баяндады. Кездесу соңында Президент бірқатар нақты тапсырма берді. «Мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдарының қызметін әлі де жетілдіру керек», – деді.