ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы авторының өмірден өтуіне байланысты Н. Назарбаев көңіл айту жеделхатын жолдады
Елдігіміздің белгісі болған Елтаңбамызды жасап берген танымал мүсінші, белгілі архитектор Шот-Аман Уәлихан 89 жасқа қараған шағында өмірден озды. Қайғылы қазаға байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көңіл айту жеделхатын жолдады. Онда Шот-Аман Уәлихановтың ұлттық сәулет өнерінің өркендеуіне зор үлес қосқан тұлға екені жазылған. Сондай-ақ «Алаш жұртының құрметіне бөленген абзал азаматтың жарқын бейнесі халық жадында әрдайым сақталады деп сенемін», – делінген.