Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
Олардың ішінде Мемлекет басшысының өзі бастамашы болған жер қатынастарын реттейтін түзетулердің орны ерекше. Заң жобасы осы айдың аяғына дейін Сенаттың отырысына енгізіліп, одан кейін құжат Президентке қол қоюға жіберілмекші. Ал сайлау заңнамасына енгізілетін өзгерістерді Мәжіліс қарап жатыр. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, Сенат бұл мәселені мамыр айының бірінші онкүндігінде қарап, тиісті заң жобасын қабылдауды жоспарлап отыр.