Парламент Сенаты жер қатынастары туралы заң жобасына түзету енгізіп, Мәжіліске жіберді
Заң жобасын талқылауға жұртшылық, сарапшылар және ғалымдар да белсенді түрде қатысты. Сенаторлар жеке орман өсіру үшін жер учаскелерін тек Қазақстан азаматтарына және шетелдік үлесі жоқ Қазақстанның заңды тұлғаларына ғана беру туралы Жер кодексіне өзгеріс енгізуді ұсынды.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары:
- Заң жобасына сәйкес бұдан былай шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, қандастарға ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелері сатылмайды, әрі жалға берілмейді. Жобада Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының мүшесі немесе акционері болып табылатын тұлғаның Қазақстан азаматтығы тоқтатылған жағдайда ауыл шаруашылығы жерлерін иеліктен шығару рәсімі де қарастырылған.