Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Президентке есеп берді
Жыл басынан бері өңірде 15 мыңнан аса жеңіл автомобиль, 736 жүк көлігі және 124 автобус шығарылған. Бүгінгі таңда Kia және Renault автомобильдерін құрастырудың жаңа желісі жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ таяу жылдары Қостанайда 300 адамды жұмыспен қамтитын шойын құю зауыты да іске қосылады. Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне елді мекендерге ауызсу тарту, Арқалық жылу электр орталығын жаңғырту жұмыстарын аяқтауды тапсырды.