Президент қазақстандық бүлдіршіндерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады
Бұл – Қазақстанның жарқын болашағының кепілі», – деп жазды Президент. Бұл мейрам барлық елде 1950-ші жылдан бері тойланып келеді. Мақсаты – балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғап, оларға қамқорлық жасауды тағы бір еске салу. Осылайша, болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Бұл күні балғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін жер-жерде мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Алайда пандемияға байланысты бүгін мерекелік салтанаттың дені онлайн форматта өтті.