Сайлау науқанын байқаушылардың жүйесіне өзгерістер енгізілді
Биыл елімізде алғаш рет партиялық емес байқаушылардың пулы жасақталды. Оған 95 Үкіметтік емес ұйым өкілі тартылды. Олар жергілікті жерлердегі азаматтық ұстанымы бар, бұрын байқаушы ретінде тәжірибе жинақтаған жандар. Ешқайсысы ешқандай партияның мүшесі емес. Заңға сәйкес әрбір сайлау учаскесінде осындай бір байқаушы бақылау жасады.