Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентінің атына жеделхат жолдады
Құттықтау хатында: «Бауырлас Өзбекстан бұл айтулы күнге ұлттық біртұтастығымен, экономикалық дамуының жоғары қарқынымен және әлемдік қоғамдастықта лайықты беделімен қуатты әрі өркендеген мемлекет ретінде жетіп отыр. Өзбек халқы Сіздің жасампаздық саясатыңыз бен табысты жүзеге асып жатқан ауқымды реформаларыңызды қолдай отырып, тұрақты даму жолын жалғастыра беретініне сенімдімін» – деп жазды Мемлекет басшысы.