Президент Паралимпиада ойындарының жеңімпаздарын марапаттау туралы жарлыққа қол қойды
- Категория: Саясат

Президент Токио 2020 ХVI Жазғы Паралимпиада ойындарындағы жетістіктері үшін бірқатар спортшыны марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.
Атап айтсақ, ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен спортшы, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль салған Давид Дегтярев марапатталса, дзюдошылар – Зарина Байбатина, Теміржан Дәулет және Әнуар Сариев «Парасат» орденін иеленді. Ал жүзуден қола алған Нұрдәулет Жұмағали «Құрмет» орденімен марапатталды.