Президент Атырау облысының әкімін қабылдады
Бұл туралы Президенттің қабылдауында болған облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті. Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім, инвестиция және құрылыс көлемі жағынан аймақ көш бастап келеді. Мемлекет басшысы облыстың эпидемиологиялық ахуалы мен вакциналау қарқыны туралы да есепті тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Махамбет Досмұхамбетовке атқарылып жатқан жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.