Елбасы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
Сондай-ақ Елбасы екі ел басшылары қол қойған Одақтастық байланыстар туралы декларацияның маңызына тоқталып, Қазақстан мен Өзбекстан қатынастарының жаңа парағы ашылды деп бағалады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Предложенная Вами в ходе предвыборной кампании стратегическая программа «Новый Узбекистан» имеет четкие цели и ориентиры. Люди должны видеть, куда движется государство. В свое время я также выдвигал Стратегию «Казахстан – 2030», а потом и программу развития страны до 2050 года. И Вы знаете, что все годы на посту главы государства, я всегда уделял повышенное внимание развитию двусторонних связей между нашими странами. Нас связывают единая история, культура и традиции. Дружеские отношения между странами очень важны. Они помогают решать возникающие проблемы. Вы знаете, я пытался объединить пять стран нашего региона в экономический совет. Поэтому предложил создать Консультативный совет глав государств Центральной Азии. Благодарю Вас за поддержку этой инициативы.
Өз кезегінде Шавкат Мирзиёев Қазақстанның барлық жетістіктеріне Тұңғыш Президенттің салиқалы саясатының арқасында қол жеткізілгенін айтты. Сонымен қатар Елбасының Қазақстан-Өзбекстан стратегиялық ынтымақтастық қатынастарының қалыптасуы мен дамуына қосқан сүбелі үлесіне де баса мән берді. Сондай-ақ ол Елбасына ортақ жоспарлар туралы да айтты. Соның бірі – қазақ-өзбек сауда айналымын алдағы 3-4 жылда 10 миллиард долларға жеткізу.
Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан Республикасының президенті:
- Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Сіз қазіргі қарым-қатынасымыздың негізін қаладыңыз. «Елдеріміз арасында әрдайым ашық әрі сенімді байланыс болсын», – дедіңіз. Соңғы бес жылда осы бағытта серпіліс бар екенін байқап отырмыз. Сізбен бірге жұмыс істей бастаған кезде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы 317 миллион доллар болатын, қазір ол 4,5 миллиард доллардан асады. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен алдымызға бұл көрсеткішті үш-төрт жылда 10 миллиард долларға жеткізу туралы маңызды мақсат қойдық.