Бітімгерлердің алғашқы легі елден шықты
Көбі – «Ил» маркалы әуе техникасы. Ел аумағынан шығатын бітімгерлердің алғашқы легінде – ресейліктер. Қазақстанда көпшіліктің қалағаны да осы десем артық айтқандық емес. Өйткені жұртшылық «солтүстігіміздегі көрші елден жеткен әскери құрам Қазақстанда біраз уақытқа аялдап қалады-ау» деп алаңдағаны рас. Неге десеңіз, жоғарыда аталған бітімгершілік миссия жасағы және ауыр әскери техника саны жағынан да үлкен құраммен келді. Бірақ күмәннің бәрі артта қалған сияқты. Әу баста айтылған сөз құрғақ уәде күйінде қалмады. Енді оның бәрін алдағы 10 күн ішінде көретін боламыз.
Станислав Зась, ҰҚШҰ бас хатшысы:
- ҰҚШҰ бітімгерлік күші жүктелген міндетті абыроймен атқарып шықты. Бауырлас елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, мемлекеттің тұтастығын сақтауға көмек көрсеттіңіздер. Кәсібиліктеріңіз бен іс әрекеттеріңіз арқылы ұйымға мүше елдердің төнген қатерге бірлесіп қарсы тұра алатынын көрсете білдіңіздер. Қазақстанда жағдай тұрақталды. Операция барысында өзара іс қимылды үйлестіру бойынша мол тәжірибе жинадық. Қазақстан тарапының шешімімен әскерлер шығарылып жатыр.
Мирлан Алтынбек, тілші:
- Беларусь Республикасының бітімгерлері қазір Алматы қаласынан солтүстікке қарай шамамен 50 км жердегі Жетіген ауылындағы әскери аэродромда. Олар елге келгелі бірнеше күн бойы аталған стратегиялық нысанды күзетті. Сол жақтан да елдеріне ұшып кетеді.
Орталық штаб Сағадат Нұрмағамбетов атындағы құрлық әскерлері әскери институтының аумағында орналасқан. Күндіз сағат орталық штабта салтанатты шара өтті. Онда ерекшеленген әскерилер мен басшылық құрам наградталды.
Андрей Сердюков, генерал-полковник, қолбасшы:
- Бітімгерлік күштің жігіттері иық тірестіріп, бауырлас қазақ елінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете білді. Террористердің конституциялық тәртіпті бұзып, ел іргесін сөгуіне жол берілген жоқ. Қысқа мерзімде азаматтарды өмірін қорғауға өз үлестеріңзді қоса білдіңіздер. Жеке құрамға алғыс айтамын! Бітімгерлік күштің операциясы сәтті аяқталды.
Орталық штабы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы құрлық әскерлері әскери институтының аумағында орналасқан. Ал күндіз сағат орталық штабта салтанатты шара өтті. Онда ерекшеленген әскерилер мен басшылық құрам наградталды. Еске салайық, Алматыдағы антитеррористік операция 6 қаңтарда басталған еді. Операцияны жүргізуге тек қазақстандық күштік құрылымдар қатысты. Ал Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскерилері маңызды стратегиялық нысандарды қорғады. Кешеден бері сол мекемелер біздің сарбаздарға тапсырылып жатыр.
Авторлары: Мирлан Алтынбек, Ұлан Нарынбек, Арман Ақшабаев