Президент әкімшілігін енді Мұрат Нұртілеу басқарады
46 жастағы Алматы қаласының тумасы бір ай бұрын ғана, яғни 5-ші қаңтарда Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған еді. Сондай-ақ Мұрат Нұртілеу әр жылдары Сенат аппаратының басшысы, Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Президент Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары, Қазақстанның Финляндиядағы Төтенше және өкілетті елшісі және Президентінің көмекшісі болды.