Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнаулы өкілін қабылдады
Бас прокуратураға болған оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын ашық әрі әділ жүргізу жөнінде тапсырма берілгенін мәлімдеді. Президент адам құқықтары мен бостандығының сақталуы еліміздегі барлық билік тармағы үшін басымдық саналатынына назар аударды. Сондай ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельге 10 қаңтардағы бейнебайланыс режимінде өткен кездесу барысында елімізді қолдап сөйлегені үшін ризашылығын айтып, сәлемін жолдады. Өз кезегінде Тери Хакала Брюссельдің Қазақстанмен арадағы байланыстарды дамытуға мүдделі екенін жеткізді. Еуропалық дипломат Президентке мазмұнды әрі пайдалы пікір алмасқаны үшін алғыс білдірді.