Президент Өзбекстанның Заң шығару палатасының төрағасы Нурдинжон Исмоиловты қабылдады
Президент өткен жылдың желтоқсан айында Шавкат Мирзиёевтің елімізге жасаған мемлекеттік сапарын жоғары бағалап, сапар қазақ-өзбек ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтергенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Өзбекстан – Қазақстан үшін бауырлас ел, серіктес ел. Сондықтан біздің арамыздағы қарым-қатынасты дамытуға аса мән беріп отырмыз.
Нурдинжон Исмоилов, Өзбекстанның Олий Мәжілісі Заң шығару палатасының төрағасы:
- Иә, Сіздердің өткен жылдағы Қазақстанның астанасындағы жүздесулеріңіз елдер арасындағы серіктестіктің жаңа кезеңін бастап берді деуге әбден болады. Сіздердің саяси жігерлеріңіздің арқасында халықтар арасындағы достық да бекемдей түсті.