Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Ноғаевпен телефон арқылы сөйлесті
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-парақшасында хабарлады.
Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал жөнінде, сондай-ақ Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспарында қарастырылған іс-шаралардың орындалу барысы туралы баяндады. Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың әлеуметтік-экономикалық даму келешегіне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.