Хабар телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Р. Жақсылықовты, Қ. Мусинді, Е. Тұрғымбаевты қабылдады

Сондай-ақ Арнайы операциялар күштерін қалыптастыру аясындағы іс-шаралар айтылды. Бұдан бөлек, Руслан Жақсылықов Жоғары бас қолбасшыға жеке құрамның жабдықталуы, қару-жарақ пен әскери техниканың қазіргі жағдайы туралы да ақпарат берді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ведомоство басшысына еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма жүктеді.

Азаматтардың құқығы мен бостандығы қорғалып, заңгерлік қызмет көрсетуге назар аудару маңызды. Президент бұл тапсырманы Әділет министріне жүктеді.

Мемлекет басшысының қабылдауында болған Қанат Мусин биыл 26 заң жобасы әзірленіп, Парламент қарауына жіберілгенін баяндады. Сондай-ақ былтыр атқарылған жұмыс бойынша есеп беріп, биыл басымдық берілетін бағыттарға тоқталды. Қазір министрлік 25 іс бойынша мемлекет мүддесін қорғауды жалғастыруда. Ведомство басшысының айтуынша, былтыр 122 мыңнан аса азамат кепілдендірілген құқықтық көмек алған. Бұл мақсатқа 1,8 миллиард теңге бөлінді. Әлеуметтік жағдайы төмен 11 мыңнан астам адам заңгер көмегіне тегін жүгінген.

Жалпы қазір 2739 қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Президенттің алдында сөз сөйлеген Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты. Ұрлық, заңсыз қару сату, бөтен мүлікті қасақана бүлдіру деректерімен 271 адам қамауда. Олардың 196-сы бұрын қылмыстық жауапқа тартылған. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа күштік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмін қайта қарау шаралары туралы мәлімет берілді. Ішкі істер министрлігіне елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, ұсталғандардың конституциялық құқықтарын қорғау және қаңтардағы қайғылы жағдайлардың себептерін объективті тергеу жұмыстарын жалғастыру тапсырылды.