Мемлекет басшысы Мысыр Президенті Әбдел Фаттах ас-Сисимен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-мысыр қатынасының тамыры терең болғанымен, дипломатиялық қатынастардың орнағанына биыл 30 жыл ғана толғанын атап өтті. Осы уақытта біраз шаруа тындырылды, дегенмен елдер арасындағы әріптестік әлеует әлі толық пайдаланылмай отыр.
Сұхбат соңында Мемлекет басшысы Мысыр Президентін Қазақстанға өзіне қолайлы мерзімде сапармен келуге шақырды.