Қ. Тоқаев Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлумен онлайн-кездесу өткізді
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды осы жылы Қазақстанға сапарлап келуге шақырған болатын, қазір сапар мерзімі пысықталып жатыр.
Ал келесі аптада елордада Қазақстан мен Түркияның Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының 12-отырысы өтеді. Тараптар бұл шара өзара тиімді серіктестікті одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенімді. Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев түрік компаниялары қатысатын бірлескен жобаларға Қазақстан Үкіметі тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты.
Мевлют Чавушоғлу өз кезегінде қаңтар оқиғасына қатысты көңіл айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Режеп Тайип Ердоғанның сәлемін жеткізді.