Қ. Тоқаев мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту туралы Жарлыққа қол қойды
Жүктелген міндеттерді жылдам жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекемелер нормативтік-құқықтық актілерді қабылдай береді. Ол үшін өз функцияларын заңнамалық деңгейде нақтылап жатпайды. Тағы бір жаңалық – бюджет үдерістерінің кезеңдері екі есе қысқарады. Сонымен қатар ведомстволық есеп беру ісі жүйеленіп, автоматтандырылады. Бұл Жарлық мемлекеттік қызметшілерді қажетсіз рәсімдер мен үдерістерден босатады.
Марат Бәшімов, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры:
- Президент итеріп отырғаны ашық, әділеттік мемлекет дегені сол ғой. Жауапты беріп, сен тезірек ісіңді қара, өзіңнің жұмысыңды істе деген сөз. Алматы оқиғасы соны көрсетті, сіздер Президентке қарамай, өздерің жұмыс істеу керексіңдер. Өз міндеттеріңізді атқару керексіңдер. Орындай алмасаңдар, кету керек.