Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасын қабылдады
Бұл туралы Президент қабылдауында болған Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы айтты.
Қазіргі атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспар туралы баяндаған Дархан Жазықбаев мемлекеттік қызметтің кез келген қазақстандыққа ашық болуына қатысты ұсыныстарын да жеткізді. Сондай-ақ 2022-2023 жылдары «Е-қызмет» ақпараттық жүйесін жаңғырту туралы жоспарын да ұсынды.
Президент мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесін одан әрі жетілдіру, сервистік мемлекеттік аппарат қалыптастыру жөнінде тапсырмалар берді.