Қ. Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттер парақшасында мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
«Сіздерге Жаңа Қазақстан құру ісінде ерекше міндет жүктеледі. Қызметтегі негізгі қағидаттарыңыз – адалдық, кәсібилік, құзыреттілік, ашықтық болуға тиіс. Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Ел үмітін толық ақтайсыздар деп сенемін», – деді ол өз жазбасында.