А. Мұхамедиұлын қамау мерзімі ұзартылды
Қазір тергеу жұмыстары жалғасуда. Күдіктілерге аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айып тағылған. Тергеу «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге, «Ұлттық киелі нысандар мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу» және «Ұлттық цифрлық кино топтаманы цифрландыру» жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша жүргізілуде. Бұдан басқа, Арыстанбек Мұхамедиұлының Мәдениет және спорт министрі лауазымында болған кезінде туыстары мен үлестес тұлғалардың меншігіне «Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебін», «Қазақ энциклопедиясы» акционерлік қоғамын және Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтын заңсыз беруге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Ал оны қамауда ұстау мерзімі 26 қыркүйекке дейін ұзартылды.